25-26 маусым Атырау қаласында үлкен халықаралық «SMART OIL & GAS: Цифровизация. Технологии. Лидерство» салалық саммиті өтеді.

25-26 маусым Атырау қаласында цифрлік мұнай-газ саласындағы тәжірибемен алмасу үшін 7 қатысушы мемлекет өкілдерінің басын қосатын үлкен халықаралық «SMART OIL & GAS: Цифровизация. Технологии. Лидерство» салалық саммиті өтеді.

«SMART OIL & GAS: Цифровизация. Технологии. Лидерство» саммиттің бас тақырыбы мұнай-газ бөлімінің цифрлік трансформациясы болмақ. Саммит бағдарламасы шеңберінде ең жаңа технологияларды қолдануда, сандық басқару моделіне өту жағдайындағы мұнай-газ саласындағы компаниялар үшін тиімді стратегияларды анықтауда Қазақстанның ең жақсы тәжірибесі және дүниежүзілік істер қаралады.

Мұнай-газ секторын ақпараттандыру саласындағы тәжірибесімен бөліседі:

Болат Акчулаков, Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі;

Дмитрий Голобурда, ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;

Эйнар Ландре, АТ жетекші аналитигі, Equinor (Statoil), Норвегия;

Шаруль Рашид, бас инженер – аспаптар және басқару, Petronas, Малайзия;

Камран Гумматов, SAP техникалық топтың басшысы және АТ шешімдерінің аға өндірушісі, SOCAR Polymer, Азербайджан;

Евгений Питолин, Орталық Азия және Моңғолиядағы Касперский Зертханасының басқарушысы;

Йорг Тейс, мұнай, газ және химиялық заттар бойынша қызметтің жаһандық басшысы, топтың вице-президенті, ABB, Норвегия;

Алихан Байдусенов, «Эмбамунайгаз» АҚ және басқа келешектік даму бойынша басқарушы директоры.

және тағы басқа.

«SMART OIL & GAS: Цифровизация. Технологии. Лидерство» саммит шеңберінде АҚ «Эмбамунайгаз» көрсетушілік орталығына технологиялық тур және мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардың киберқауіпсіздік бойынша жетекшілеріне арналған бағдарлама: «Стратегическая симуляция Kaspersky industrial cyber-security (KIPS): сценарий «OIL AND GAS»».

Саммиттің ұйымдастырушысы – энерготиімді және сандық технологиялар, заттар интернеті, үлкен мәліметтер, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы Redenex халықаралық зерттеу компаниясы.Саммит әріптестері ABB және Касперский Зертханасы сияқты сандық мұнай-газ және киберқауіпсіздік үшін шешімдер саласындағы ірі дүниежүзілік жетекшілер.

 

Толығырақ білу және тіркелу:

http://smartoilandgas.kz

 

Қосымша мәлімет үшін Саммиттің Ұйыдастыру комитетіне жүгінуіңізге болады:

Тел.: +7 (495) 780 7198 (Мәскеу)

Тел.: +7 (7172) 696229 (Астана)

E-mail: info@redenex.com