«Скай Гардиан» американдық ұшқышсыз ұшу аппараты Атлантикадан бір тәулікте ұшып өтті

MQ-9B «Скай Гардиан» американдық ҰҰА Гранд-Форкстегі, Солтүстік Дакотедегі,  Гловтерширдегі, Ұлыбританиядағы ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын дайындау орталығынан  трансатлантикалық ұшуды сәтті ақтады. Бұл туралы 2018 жылғы 12 шілдеде аппаратты әзірлеген General Atomics Aeronautical Systems компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, N+1 хабарлады.

«Скай Гардиан» 6960 шақырымды 24 сағат 2 минутта ұшып өтті. Бұл орташа биіктікте ұшатын ұшқышсыз ұшу аппараттарының тарихтағы бірінші трансатлантикалық ұшып өтуі, сондай-ақ аппараттың оператордың тікелей көріну шегінен тыс бақылауымен Ұлыбританияның әуе кеңістігіне енген бірінші жағдайы.

Ұшу қашықтығы үлкен орташа биіктікте ұшатын ҰҰА-ның сыныбына дрондарды жатқызу керек деп қабылданған, ол крейсерлік ұшуды
3000 метрден 9100 метрге дейінгі биіктікте өтеді. Негізінде мұндай ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшу ұзақтығы 24 сағаттан 48 сағатқа дейінгі уақытты құрайды, бірақ ол жаңа қозғалтқыштар мен жиынтықтаушы материалдарды әзірлегеніне қарай артуы мүмкін. «Скай Гардиан» ҰҰА-ның кресерлік ұшу биіктігі 7500 метрді құрайды. Аппарат 210 торапқа дейін
(388 шақырым/сағат) жылдамдық ала алады және 35 сағатқа дейін әуеде бола алады.  

Ұшқышсыз ұшу аппараты Ұлыбританияның Корольдік әскери әуе күштерінің Фэрфорд авиабазасына қонды. Таяу уақытта ол техникалық қызмет көрсетуден және борттық жүйесін тексеруден өтеді, ал ағымдағы жылғы 13-15 шілде кезеңінде RIAT 2018 Британия авиашоуында статистикалық экспозициясында орын алады.

Трансатлантикалық ұшу барысында жиналған деректерді әзірлеушілер «Скай Гардиан» ҰҰА-ны сертификаттау бағдарламасында жалпы әуе кеңістігінің азаматтық авиациясымен пайдалануды жоспарлауда. Осы бағдарлама аяқталғаннан кейін MQ-9 «Рипер» базасында құрылған американдық ұшқышсыз ұшу аппараты бірыңғай әуе кеңістігінде ұшуға рұқсат етілген алғашқы сертификатталған соққы беру дроны болып танылады.

Тарихта алғаш рет трансатлантикалық ұшуды орындаған ұшқышсыз ұшу аппараты 2011 жылы «Евро Хок» аппараты болған. Оның әзірлемесі Германияның ӘӘК мүддесінде RQ-4 «Глобал Хок» американдық ұшқышсыз ұшу аппаратының базасында жүргізілген. «Евро Хок» АҚШ Калифорниядағы Эдвардс ӘӘК базасынан немістік Манхинг әуеайлағына 22 сағатта ұшып өткен. «Евро Хок» стратегиялық ұшқышсыз ұшу аппаратының сыныбына жатады. Оның крейсерлік биіктігі 18000 метрді, ал әуеде болу ұзақтығы шамамен 35 сағатты құрайды.