«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» жеке компаниялармен ынтымақтастық орнатуда

  «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) жеке компаниялармен ынтымақтастықты арттыру аясында мұнай-газ ұңғымаларын күрделі жөндеуге арналған ПАП-80/100 көтеру құрылғысын дайындап, құрастырып, сынақтан өткізіп, пайдалануға берді.

        Қондырғы мұнай және газ ұңғымаларын күрделі жөндеуден өткізуге және ілгіштегі жүк көтеру салмағы 100 тоннаға дейін жететін жылжымалы ұңғыма кешенінің құрамында жұмыс істеуге арналған.  Өнімнің құрылымдық ерекшелігі: жылжымалы дербестігі, шыдамдылығы жоғары мономачта, екі бөлек құрастыру және жұмысшы гидрожүйесі және т.б.

         Агрегатты құрастырудан бастап іске қосқанға дейінгі толық цикл завод мамандарының қолымен жасалды. Бұл өнім «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» мен «АКСУ DRILLING» ЖШС (Актау қ.) арасындағы келісім-шартқа сәйкес пайдалануға берілді. Қазақстан кен орындарында жұмыс істейтін компанияларға ыңғайлы болу үшін зауыт 2018 жылы Ақтау қаласынан өз өкілдігін ашқан болатын.

         Нарықтың қазіргі заманғы үдерістеріне сай зауыт клиенттік базаны молайту бағытында жұмыстар жасап жатыр. Көп жылғы тәжірибе мен жоғары технологиялық мүмкіндіктер кәсіпорынға нарықтағы орнын нығайтып қана қоймай, сонымен қатар өндіретін тауарлар мен көрсететін қызметтердің көлемін көбейтуге мұрындық болады.

         Зауыт болашақта мұнай өндіруші техникалардың паркіне қызмет көрсету жұмысын одан әрі дамытуға көңіл бөлмек. Өнімдердің өміршеңдігін ұзарту үшін кепілдік мерзімі кезінде ғана емес, кепілдік мерзімі біткеннен кейін де қызмет көрсету қолға алынады. Сондай-ақ, жүк көтерімділігі 600 тоннаға дейінгі тұрақты ұңғыма құырылғыларын шығаруды игеру жоспарлануда. Қазірдің өзінде Қазақстандағы газ-мұнай өндіруші компанияларға қарасты техника паркінің биіктіктегі құрал-жабдықтарын алмастыру жөнінде тиісті қызметтер көрсетіліп жатыр.

         «Кәсіпкерлікті  қолдау мен дамытудың  «Бизнестің жол картасы- 2020» біртұтас бағдарламасын жүзеге асыру аясында  біз «БРК Лизинг» АҚ қаржыландыру тәсілдеріне сүйене отырып кіші және орта бизнес субьектілерімен жұмыс істеуге әзірміз», – дейді  «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры Вадим Шакшакбаев.

         Зауыттың аталмыш бағдарламаға қатысуы компаниялар арасында Қазақстандағы газ-мұнай кластерін дамытуға бағытталған ұзақ мерзімдік және өзара тиімді қарым-қатынастар орнатуға септігін тигізбек.  

              Анықтама:

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ – өндірістің мұнайгазөндіруші, мұнайгаз өңдеуші, химия, газ, энегретика және темір жол салалары үшін осы заманғы технологиялар негізінде қрал-жабдықтыр шығаратын, 55 жылдық бай тәжірибесі бар байырғы кәсіпорын болып табылады.