Қазақстан Парламенті Түркиямен әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан Парламенті Түркиямен әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады

Қазақстан Парламентінің Сенаты бейсенбі күні пленарлық отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады, деп хабарлады «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі.

Анкарада 2018 жылғы 13 қыркүйекте келісімге қол қойылды.

          Құжаттың негізгі мақсаты Қазақстан мен Түркия арасындағы тең құқықтық және өзара тиімділік қағидаттары негізінде ұзақ мерзімді әскери ынтымақтастықты одан әрі дамыту болып табылады.

          Екі ел арасындағы өзара іс-қимыл әскери даярлық және оқыту, бірлескен оқу-жаттығулар өткізу, қорғаныс өнеркәсібі, бітімгершілік операциялары, әскери, ғылыми және техникалық зерттеулер сияқты әскери ынтымақтастық салаларын және басқа да бірқатар бағыттарды қамтиды.

          Келісім шеңберінде тараптар ынтымақтастықтың жылдық жоспарларын әзірлейтін болады.

 

Дереккөз: ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН, 2019 жылғы 5 желтоқсан.                   Нұр-Сұлтан қаласы.