«Байқоңыр» ғарыш айлағында қазақстандық және ресейлік мамандарының келіссөздері өтті

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов «Байқоңыр» ғарыш айлағына іссапар шеңберінде қайта тағайындалған «Роскосмос» Ғарыштық қызметі бойынша мемлекеттік корпорацияның Бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесті.

Кездесу барысында жаңа экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру жобасы, «Байқоңыр» кешеніне инвестициялар тарту және Байқоңыр қаласының ары қарай даму мәселелері талқыланды.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Серік Қожаниязов, Байқоңыр қала әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин, «Роскосмос» мемлекеттік корпорация Бас директорының бірінші орынбасарының м.а. Николай Севастьянов және тараптардың ғарыштық мекемелердің басқа да қызметкерлері қатысты.

Іссапар шеңберінде Министр Бейбіт Атамқұлов сондай-ақ Еуропалық ғарыштық агенттігі және НАСА басшыларымен келіссөздер өткізді.

 

«Бәйтерек» жобасын жүзеге асыру бойынша

Жаңа экологиялық қауіпсіз «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы негізгі бірлескен ғарыштық жоба болып табылады.

«Байқоңыр» кешені бойынша ҮАК 5-ші отырысында қабылданған шешімдерінің негізінде  қазақстандық тарабы қазіргі таңда «Байқоңыр» ғарыш айлағының 42, 43 және 45-алаңдардағы барлық 243 объект қабылдады.

«Бәйтерек» ҒЗК құру туралы Үкіметаралық келісімге өзгерістерді енгізу туралы Хаттамасына қол қоюды әзірлеу жұмыстары жалғасуда. Бұл құжатқа қол қою «Бәйтерек» жобасын бюджеттік қаржыландыруға ауыстыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді.  

Қазіргі таңда Тараптар аталған Хаттамаға қол қоюды әзірлеудің ішкі мемлекеттік процедураларын аяқтады.

 

«Байқоңыр» кешеніне инвестициялар тарту

«Байқоңыр» кешенінде ары қарайғы ынтымақтастық Тұжырымдамасының (26.12.2016 ж.) басты міндеттерінің бірі «Байқоңыр» кешеніне инвестициялар тарту болып табылады.

Қазақстандық тарабы Байқоңыр қаласында сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту, газбен қамтамасыз ету, тұрғын үйлерді салу секілді инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды бастады.

«Байқоңыр» кешеніне инвестициялар тарту үшін «Байқоңыр» кешенінде Қазақстан – Ресей – БАӘ үшжақты формата ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастуруы басталды.