Алматыда ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдарының мемлекеттік-мүшелері әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

2018 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдарының әскери-экономикалық ынтымақтастығы жайлы XVI Халықаралық отырысы өтті.

Шара басында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов кіріспе сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында Қазақстан биылғы жылы ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдарының төрағасы бола отырып, нормативті-құқықтық базаларды жетілдіру мен ұйымдардың халықаралық мәртебесін көтеруге атсалысатынын атап өтті.

Жиынға ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдары бас хатшысының орынбасары В. Семериков, РФ өнеркәсіп және сауда минисрінің орынбасары О. Рязанцев, Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша Федеральді қызметі директорының орынбасары В. Дрожжов, Белорусия Мемлекеттік әскери-өндірістік комитеті төрағасының орынбасары Д. Пантус, Армения Қорғаныс министрінің орынбасары Д. Пахчанян, Қырғызстан Мемлекеттік өндіріс, энергетика және жер қойнауын падалану комитеті төрағасының орынбасары А. Орозбеков қатысты.

Кездесу барысында отырысқа қатысушылар әскери-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастырды. Ұйымдардың мемлекеттік-мүшелерінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғаныс қабілетін арттыру сұрақтары талқыға салынды.

Тараптар Мемлекетаралық комиссиялар аясында ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдарының әскери-экономикалық ынтымақтастық бойынша бірлескен жұмыстарын жалғастыруға келісті. 

Отырыс соңында тиісті Хаттамаға қол қойылды.

 

Анықтама:

 Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдарының (ҰҚКҰ) әскери-экономикалық ынтымақтастық бойынша Мемлекетаралық комиссиясы 2005 жылы 23 маусымда ҰҚКҰ ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен құрылған.  

Комиссияның ең негізгі функциясы әскери-экономикалық (техникалық) ынтымақтастық аясындағы көпмерзімді бағдарламаны әзірлеу мен іске асыру, әскери мақсаттағы өнімдерді өндіру кооперациялары мен мамандандыруды сақтау, әскери мақсаттағы өнімдерді әзірлеу, өндіру, модернизациялау, жөндеу және утилизациялау, сондай-ақ, әскери мақсаттағы өнімдерді өңдеу мен модернизациялауға бағытталған бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу сияқты басым бағыттар бойынша бірлескен кәсіпорындар (ұйымдар) құру,  ұсыным жасау мен шешім шығару болып анықталды.