Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сатушы) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің электрондық сауда-саттықта өткізілетін пайдаланылмайтын мүлкінің тізбесінің бекітілгендігі туралы хабарлайды (қосымшаға сәйкес).
Пайдаланылмайтын мүлікті өткізу Қазақстан Респубикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысымен бекітілген Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларына сәйкес www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жүзеге асырылады.
Пайдаланылмайтын мүлік бойынша сауда-саттықты өткізу күні мен толық ақпарат (сауда-саттық шарттары мен нысаны) Мемлекеттік мүлік тізілімінің
веб-порталында жарияланады.
Электрондық сауда-саттық өткізу туралы қосымша ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: 8 (7172) 24-94-52, 76-83-34, факс: 76-83-39,
email: info@kaspex.kz.