«Армия-2018» форумына 15 елден 46 компания қатысады

2018 жылғы 21-26 тамызда өтетін «Армия-2018» халықаралық әскери-техникалық форумы мен «Ұлттық қауіпсіздік аптасы» форумына 15 елден 46 шетелдік кәсіпорындардың өкілдері қатысады. Әскери ведомство осы көрмелерге 128 елді қатысуға шақырды (Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі).

Шетелдік компаниялардың көрмеге 720 экспонаты қойылады, бұл 2017 жылға қарағанда 3,5 есе көп – деп атап өтті Қорғаныс министрлігінің өкілдері.

Әзірге Армения, Беларусь, Қазақстан, Үндістан, Иран, ҚХР, Пәкістан, Словакия және Түркиядан тоғыз ұлттық экспозиция жоспарланған.

Сонымен қатар форумдарда Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Румыния, Франция және Оңтүстік Африкадан әскери-техникалық мақсаттағы өнімдер болады.

Өтінім беру науқанының аясында форумдарж ұйымдастырушысының мекенжайына көрме іс-шараларына қатысуға1000-нан астам келісімдер келіп түсті.

Форумға қатысуға өтініш қабылдау ағымдағы жылдың 15 шілдесінде аяқталады.

 

Mil.Press әскери анықтама

«Армия-2018» халықаралық әскери-техникалық форумы 21-26 тамыз аралығында «Патриот» конгресстік-көрме орталығында, сондай-ақ Алабино полигонында және Кубинка аэродромында өтеді.

Форумда Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі 600-ге жуық қару-жарақ, әскери және арнайы техника түрлерін ұсынады. Статикалық экспозиция шеңберінде көрме алаңдарында 300-ден астам қару-жарақ пен әскери техника ұсынылатын болады, соншама дерлік бірлік динамикалық көрсетілім бағдарламасында қолданылады.

Кубинкада ВКС-тің және ӘТФ теңіз авиациясының 26 бірлік ұшақтары мен тікұшақтары көрсетіледі.

Ресей әскери ведомствосы «Армия-2018» форумына 1,5 мыңнан астам кәсіпорын қатысады және олар 20 000-нан астам өнім үлгілерін көрсетеді деп күтуде.

 

Дереккөз: https://военное.рф/2018/ФорумАрмия12/