Бүгін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігі өткізіп жатқан V Халықаралық «KADEX — 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі алаңында №6 «Ғарыш» павильоны өз жұмысын бастады.
Айта кету керек, «KADEX» көрмесі өтіп жатқан уақыттан бері отандық және әлемдік ғарыш жетістіктеріне арналған жеке павильон алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
«Ғарыш» павильоны «KADEX — 2018» көрмесіндегі 10 павильонның бірі, оның жалпы аумағы 1322 шаршы метрді құрайды.
Павильонда әлемнің 8 елінен 14 компанияның экспозициясы ұсынылды. М.Ф. Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйе» АҚ, Хруничев атындағы «Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталық» Федералды мемлекеттік унитарлық кәсіпорын (Ресей), LeicaGeosystems (Швейцария), Antrix Corporation Limited (Индия), ArianeGroup и S.E.R.E.M.E (Франция), THALES ALENIA SPACE (Италия), Ұлы қабырға (ҚХР), «Көпфункционалды пилотсыз кешендер ғылыми-өндірістік орталығы» МК мен «НТЛаб-ИС» (Беларусь), ImageSat International NV (Израиль), Біріккен Араб Әмірліктерінің Ғарыш агенттігі (БАӘ), «Қазақстан GIS орталығы» АҚ мен «Мидивисана инжиниринг» ЖШС (Қазақстан) сияқты бірқатар ксіпорындар өздерінің озық әзірлемелері мен қол жеткізген соңғы жаңалықтарын көрсетті.
Көрме қонақтары мен қатысушылары отандық ғарыш қызметінің жетістіктерімен аумағы 490 шаршы метрді құрайтын Аэроғарыш комитетінің (Қазғарыш) павильонында таныса алады.
Павильонның дизайн авторы – белгілі қазақстандық суретші Серік Буксиков.
Павильонның өзі мынандай негізгі бөліктерден тұрады:
ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Қазғарыштың және оның бағысты ұйымдарының құрылымын көрсету бөлігінен, ғарыш инфрақұрылымы картасынан, отандық ғарыш өндірісін дамытудың уақытша лентасы мен серіктердің орналасу жүйесінен тұрады.
Қазғарыштың бағынысты ұйымдарының әрқайсысы өз өнімдерін отандық ғарыш кәсіпорындары туралы қажетті ақпараттық-анықтамалық мәліметтер көрсетілген цилиндр кескініндегі жеке қабырғада қойды. Сонымен бірге павильонда келіссөздер мен кездесулер өткізу үшін жеке бөлмелер де қарастырылған.
VR бөлме. Қазғарыш павильонындағы нақты заттармен толыққан аймақта жақын ғарышқа қысқа ұшырылым көрсетілді. Жақын ғарышқа қабаттан 11-ден 50 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан стратосфера жатады.
Сонымен қатар, көрмеге келушілер 2015 жылдың 12 қыркүйегінде еліміздің үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов өзінің 10 күндік ғарышқа сапарынан, яғни, Халықаралық ғарыш стансасынан қазақ даласына сәтті қонған «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінің өзімен таныса алады.
Павильонның орталық бөлігінде «KazEOSat-1», «KazEOSat-2» Жерді қашықтықтан зондтау серіктерінің 2 макеті қойылған.
Павильонның барлық аумағында үлкен LED экрандар қойылған, онда қазақстандық ғарыш өндірсі туралы ақпарат көрсетіліп тұрады.
Бұдан бөлек, павильонда Қазғарыштың 25 жылдығына арналған пошта маркасы мен «KADEX — 2018» эмблемасы бар конвертті естелікке алуға болады.
V Халықаралық «KADEX — 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі а.ж 23-26 мамыр аралығында өтетінін және көпшілік үшін Көрме 25-26 мамыр күндері ашық болатынын еске саламыз.