ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері Қазақстан-Үндістан әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен жұмыс тобының бесінші отырысының жұмысына қатысты.
Отырыс Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қадағалауымен өткізілді. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясын Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы, контр-адмирал Қайыргелді Есенеев басқарды, Үнді тарапын Үндістан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Шри Шамбху Кумаран басқарды.
Осы отырыс барысында екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.