Украинада жарамсыз бронды кеудешелер сатып алынды

Украинада жарамсыз бронды кеудешелер сатып алынды

2019 жылғы 15 қараша

 

Украинада УҚК-ге сапасыз амуницияларды жеткізуге байланысты кезекті жанжал орын алды. Мемлекеттік тергеу бюросының директоры Роман Трубаның мәлімдемесіне сәйкес, УҚК-ге сапасыз бронды кеудешелерді жеткізу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде Украина әскери ведомствосының заттай мүлікті сатып алуға және сапасын бақылауға жауапты бес жоғары лауазымды шенеуніктері ұсталды.  

Алдын ала келісім бойынша бұл тұлғалар Украина Қарулы Күштері үшін сапасыз заттай мүлікті жоғары бағамен, сондай-ақ техникалық талаптарға жауап бермейтін мүлікті сатып алуды жүзеге асырған.      

Сөз «Корсар МЗс-1-4» («ТЕМП-3000» ҰҚП Украина компаниясы) қорғанысы 1-4-сыныптарының мәлімдеген талаптарға сәйкес келмейтін бронды кеудешелер туралы болып отыр. Баллистикалық сараптама нәтижелері бойынша бронды кеудешелердің 70% – ы олар қорғауы тиіс қару түрлерімен атылатыны анықталды.

Украина Қорғаныс министрлігі жалпы құны 176 млн. гривен тұратын 20 мың бронды кеудешелер сатып алған екен, оның 7 мың бронежилет жарамсыз болып шықты. Бұл ретте әскери ведомствоның шенеуніктері бастапқыда ақаулы партия туралы білгендігі расталады. Шығындар құны 61 млн. гривенді құрады.

 

Дереккөз: https://vpk.name/news/346263_minoborony_ukrainy_zakupilo_bolshuyu_partiyu_brakovannyh_bronezhiletov.html