«KADEX-2018» көрмесінің келушілері қазақстан өндірісінің амунциясы мен жорық ас үйін көре алады

«Тыныс» Қазақстандық зауыты «KADEX-2018» V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінде әлеуетті құрылымға арналған амуницияны, сонымен қатар автокрандар мен арнайы техниканы ұсынады.

         Кәсіпорын «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы павильонында брондалған жилеттерді, брондалған жүйелерді, жүк түсіргіш жилеттерді, тактикалық белдіктерді, танк шлемофондарын, оқтан қоғайтын дулығаларды, соққыға қарсы қалқандарды шығарады.  

         Бұнымен қатар ашық алаңда жорық ас үйі мен 25 тонна жүк көтергішімен автокран шығарылатын болады.  Бұл техниканың шығарылымы өткен жылда жөнге салынған.

         «Тыныс» АҚ Қазақстанның Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сенімгерлік басқаруындағы «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы құрамына кіреді. Кәсіпорын қызметінің басты саласы – авиация техникасының түйіндері мен агрегаттарының өндірісі. Зауыт авиация өрт сөндіргіштерін, клапандарды, электрлі магнитті ауыстып қосқыштарды, әртүрлі типтердің белгі бергіштерін, ұшақ пен тікұшақтарды жинақтаудағы басқарудың электрлі блоктарын өндіреді. 

         «Тыныс» АҚ өнімдерінің басты тұтынушылары Ресей федерациясының, Белоруссия мен Қазақстанның авиақұрылыс және авиажөндеу кәсіпорындары болып табылады.