Астанада Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Астанада Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңестің I отырысы өткізілді.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Руслан Кенжебекұлы Әбдіқалықов Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздік саласын дамытудың негізгі бағыттары мәселесі жөнінде сөз сөйледі.

Іс-шара барысында «ЦАРКА» ЗТБ, «КАИБ» ЗТБ, ҚР БП ҚСАЕК және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының (ЕҰУ, АЭБУ, ҚБТУ) өкілдері Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздік саласын дамыту бойынша тәсілдерді ұсынды.

Сонымен бірге мынадай мәселелер талқыланды:

– электрондық өнеркәсіп және бағдарламалық қамтамасыз етудің сеніп тапсырылған өнімдерінің тізілімін қалыптастыру өлшемшарттарын және қағидаларын пысықтау;

– «ғылыми зерттеулер» деген бап бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың терең сараптамасын жүргізу;

– ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттар туралы;

– білім беру бағдарламалары туралы;

– ақпараттық қауіпсіздік саласындағы аудиттің көрсетілетін қызметтерін дамыту бойынша шаралар туралы;

– отандық бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеуді және шетел технологияларын бейімдеуді дамыту шаралары туралы;

– ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін арттыру туралы.

Кеңес жұмысына ҚР МБА, ҰБ, ЖОО, салалық ұйымдар, байланыс операторларының және қаржы секторының өкілдері қатысты.