Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ғылыми-техникалық кеңесінің (ҒТК) екінші кеңейтілген отырысы өтті.
ҒТК қорғаныс-өндірістік кешен мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-техникалық жобалардың негізгі тақырыптамаларын анықтайтын басты жұмыс органы болып табылады.
Іс-шара барысында 19 ғылыми-техникалық жоба қарастырылды және мақұлданды.
Қорғаныс-өндірістік кешен бағыты бойынша жобалар тиісті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қорғаныс тапсырысқа қосу үшін ұсынылатын болады.
Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жобалар салалық мәселелерді практикалық шешуге бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулерді қалыптастыру үшін пайдаланылатын болады.