Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Қадірлі әріптестер!

Бүгінгі кездесу Қазақстан Республикасы аумағында электрондық өнеркәсіпті дамытуға қатысты мемлекеттік органдардың және бизнес өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қазіргі таңда Министрлікпен «2018-2020 жылдарға арналған электрондық өнеркәсіпті дамыту бойынша жол картасы» құрастырылды және бекітілді.

Жол картасында келесі негізгі төрт бағытт қарастырылған:

1) кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру – бұл отандық электрондық өнеркәсіп өнімін дамытуға екпін беретін, мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру, компоненттерді экспорттау-импорттауға кедендік баждарды, несие/субсидяилар/лизинг/сақтандыру құнын төмендету;

2) отандық бағдарламалық қамтылым өндірушілерінің технологиялық дамуы және оларды қолдау – бұл Электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру, электрондық өнім өндірушілері қауымдастығын құру, қолда бар мемлекеттік активтерді технологиялық жаңғырту, сондай-ақ арнайы конструкторлық-технологиялық бюро (дизайн орталық) құру;

3) ғылыми-техникалық қызметті қамтамасыз ету – зерттеулер жүргізу, электрондық өнеркәсіпті дамыту бойынша мақсатты ғылыми бағдарлама әзірлеу;

4) адами капиталды дамыту – робототехника және электрондық өнеркәсіп саласында  кадрлар даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және өзектендіру, орта білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру.

Сонымен бірге, өндірушілер кәсіпорындарын, ғылыми-техникалық және оқу орындарын біріктіретін әмбебап алаңы болып табылатын Facebook танымал әлеуметтік желі базасында виртуалды алаңы құрылғанын атам өтеміз.

Сонымен қатар, Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі атынан тілдесуге ашық және электрондық өнеркәсіпті дамыту іс-шараларын талқылауға, сондай-ақ осы салада актуалды мәселелерді талқылауға дайын.