РФ қорғаныс министрлігі қару мен оқ-дәрілер үшін қазіргі заманғы ыдысқа ауысуда

Ресей әскери ведомствосы қару-жарақ пен оқ-дәріге арналған полимерлік ыдыстардың заманауи үлгілерін жүйелі түрде сатып алуды бастады.

2018 жылдың қараша айына дейін мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс бойынша келісімшарттардың бірі шеңберінде РФ Қорғаныс министрлігі танкілер мен мина атқыштық оқ-дәрілерге арналған 125 мың полимерлік қорапты алады. Мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланған ақпарат бойынша олардың жалпы құны 952,5 млн рубльді құрайды.

Полимерлiк ыдыстардың жетекшi өндiрушi компаниялары өкiлдерiнiң айтуы бойынша Ресей әскерлерi ағаш ыдыстардан қазіргі заманғы, ең алдымен полимерлі ыдстарға көшу туралы түбегейлі шешiм қабылдады. Дегенмен, процестің өзі бірнеше жылға созылады.

Санкт-Петербургтағы қару-жарақ ыдыстарын өндіретін кәсіпорындардың басшысы жаңа ыдыстың Сирияда сынақтан сәтті өткенін мәлімдеді, бұл оның компаниясының өнімдерінің белгілі бір үлгілерін қабылдауды жылдамдатуға мүмкіндік берді.

«Соңғы 2-3 жылда сериялық жеткізілімдер жиірек болуда, бірақ ағаш қораптар әлі көп уақытқа дейін әскерде қалады. Кейбір жағдайларда ағаштың орнын ештене баса алмайды, мысалы тасымалдаудан кейін қораптарды жою қажет болғанда, ал ол жаңып жатқан кезде жылынуаға болады. Екінші жағынан, 5-10 жылдан кейін ағаш қораптар арнайы өңдеуді және белгілі бір күтуді қажет етеді, пластик оны қажет етпейді », – дейді оқ-дәрілерге арналған пластикалық ыдыстарды дайындаушы компанияның құрастырушы-инженері.

Жаңа материалдар күрделі оптикаларды, әскери роботтарды тасымалдауға және сақтауға іс жүзінде баламасы жоқ. Олар сондай-ақ оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың ұзақ мерзімді сақталуы үшін қолайлы, демек, жаңа буынның ыдысын сатып алулар көп болады.

Дереккөз: https://военное.рф/2018/Оборонка292/