Ұшқышсыз басқарылатын әскери ұшақтардың дамуының болашағы

Әр түрлі нарықтағы зерттеулерді, оның ішінде әскери зерттеулерді жүйелі түрде жариялап отыратын, Америкалық аналитикалық Orbis Research компаниясы «2017-2027 ұшқышсыз басқарылатын әскери ұшақтардың әлемдік нарығы» атты жаңа баяндама жариялады. Orbis Research болжамы бойынша 2017 жылдың соңында нарық көлемі 9,9 миллиард АҚШ долларын құрайды, ал 2027 жылы 15,2 миллиард долларға дейін өседі.

ASD Нидерланды консалтингтік фирманың бұрын жариялаған есебіне сәйкес әскери ҰҰА нарығының айналымы 2022 жылға дейін 13,7 миллиард долларға өседі. Екі компанияның болжамы жақын.

Соққылы дрондарға сұраныс ең көп өсімді береді – олардың нарықтағы үлесі 40,8%, ұшу ұзақтығы үлкен биікте ұшатын ҰБА үлесі – 25,1%, ұшу ұзақтығы үлкен орташа биіктікте ұшатын ҰБА үлесі – 17,4% құрайды,

География тұрғысынан Солтүстік Американың ұшақсыз басқарылатын әскери ұшақтарының әлемдік нарығындағы үлесі 34,4%, азиялық тұнық мұхит өңірінің үлесі 31,7%, еуропаның үлесі – 24,1% құрайды.

Азияда Қытай, Үндістан және Австралия нарығы гүлденетін болады. Еуропада Ресей мен Ұлыбритания. Әлем он жыл ішінде әскери ҰҰА үшін 133,3 миллиард доллар жұмсайды.

 

Дереккөз: https://vpk.name/news/198065_voennyie_novosti_raduzhnyie_perspektivyi_voennyih_bespilotnikov.html