«Укроборонпром» жаңғыртылған БМП-1 ұсынды

«Житомирский бронетанковый завод» мемлекеттік кәсіпорны («Укроборонпром» МК-не кіреді) БМП-1УМД-ға терең жетілдіруді және зауыттық сыңауды аяқтады.

БМП-1УМД өзінің жоғары сипаттамасын растай отырып, барлық жүріс, атыс және басқа да пайдалану сынауларын сәтті аяқтады, ол БМП-нің жауынгерлік мүмкіндігін едәуір кеңейтті деп «Укроборонпром» хабарлады.

Терең жаңғыртылған БМП-1 «қазіргі заманғы жауынгерлік модульмен», атысты сандық басқару жүйесімен, Deutz неміс қозғалтқышымен жабдықталған. БМП-ға 30 мм автоматты зеңбірек, 30 мм автоматты гранатаатқыш, 7,62 мм пулемет және «Барьер» такнкіге ақрсы кешенді орнатты. Осының арқасында БМП-1 танкілерді 5 км-ға дейін қашықтықта жоя алады. Оқтың нақтылығына «Трек-М» көздеп ататын кешен және СВУ-500-3Ц стабилизатор жауап береді.

Қорғау инфрақызыл диапазондағы БМП-1УМД бүркеу бойынша жұмыстармен толықтырады – машина концерннің бектуі бойынша жылуға ден қойғыш арқылы аз көрінетін болды.

БМП-1УМД салмағы 14 тонаны құрады –қалыпты БМП-1-ге қарағанда 1 тоннаға көп, Қозғалтқыштың 330 с/л қуаты бар (бұрынғы БМП-1-дің қуаты 300 с/л), қуаты 390 с/л дейін көтерілуі мүмкін.

Анықтама: БМП-1 КСРО-да 1960 жыладры әзірленді, ал 1966 жылы қаруландыруға қабылданды. 1979 жылға дейін сериялы түрде шығарылды.

 

Дереккөз : https://vpk.name/news/199564_ukroboronprom_moderniziroval_razrabotannuyu_v_60h_godah_bmp1.html