2018 жылғы 4-5 сәуірде ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұловтың Тәжікстанға жұмыс сапары өтті, оның шеңберінде республика үкіметінің, сондай-ақ бірқатар министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен қорғаныс өнеркәсібі кешені, ғарыш қызметі мен киберқауіпсіздік саласында екі елдің ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, ТР Премьер-министрі К.Расулзодамен, ТР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы А.Каххоровпен, ТР Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі Ш.Бобозодамен, ТР Ішкі істер министрі Р.Рахимзодамен, ТР Ауыл шаруашылығы министрі С.Иззатуломен, ТР Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің директоры Н.Ахмадзодамен, ТР Жерге орналастыру және геодезия мемлекеттік комитетінің төрағасы К.Хакимзодамен, ТР Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы Р.Назарзодамен, ТР Үкіметі жанындағы Байланыс қызметінің бастығы Б.Зухуровпен, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесулер өткізілді.
Жалпы, тәжік тарапы қазақстандық тараптың екіжақты ынтымақтастықты кеңейту туралы ұсыныстарына, соның ішінде қазақстандық кәсіпорындардың мүмкіндіктеріне зор қызығушылық танытты.