Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Атамқұлов Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барып, республиканың бірқатар министрліктерінің және ведомстволарының басшылығымен кездесті.
Қырғызстанның Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Мирбек Касымкуловпен кездесуде, тараптар қорғаныс өнеркәсібі саласындағы өзара әрекеті және зауытаралық кооперацияны жайғау мәселелерін, сондай-ақ әскери мақсатттағы өнімдерді өзара жеткізудің болашағы талқыланды.
Атап айтқанда, қазақстандық делегация авиациялық техникаға қызмет көрсету (тікұшақ техникаларын жөндеу) саласындағы ынтымақтастықты ұсынды, сондай-ақ қырғыз тарапына Қырғызстанның әлеуетті құрылымдары үшін Қазақстан Республикасының қорғаныс кәсіпорындарының өнімдері мен қызметтерін ұсынды.
Төтенше жағдайлар министрі Кубатбек Бороновпен әңгімелесу барысында «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС қазақстандық кәсіпорынның көп функционалды тікұшақтарын Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің қажеттіліктері үшін жеткізу мүмкіндігі талқыланды.
Қазақстандық ҚӨК кәсіпорындары Қырғызстанға әскери мақсаттағы өнімдерді, соның ішінде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін жеткізе алады. Мысалы, «Таразкожобувь» ЖШС қазақстандық компаниясының Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамына әскери аяқ киімін жеткізу мүмкіндігі бар.
Қазақстандық делегация қырғызстандық серіктестеріне Қырғыз Республикасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою органдарының мүддесінде қазақстандық ғарыш жүйелерін бірлесіп пайдалану бойынша ынтымақтастық ұсынды. Ғарыш саласындағы ұсынылған ынтымақтастық Жерді қашықтықтан зондылау саласындағы ақпарат пен тәжірибе алмасуды, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы кадрларды даярлауды көздейді.
Анықтама үшін: Қазақстанда қызмет көрсету аймағына Қырғыз Республикасы кіретін байланыс және Жерді қашықтықтан зондылау ғарыш жүйелері сәтті жұмыс істейді. Қазақстанның байланыс спутниктері Орта Азияның барлық аумағында байланыс және хабар тарату қызметтерін ұсынуға, жерді қашықтықтан зондылау спутниктері геодезияда, картографияда, ауыл шаруашылығында кеңінен пайдаланылатын ғарыштық бейнелермен қамтамасыз етуге, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын-алуға және жоюға (төтенше жағдайлардың алдын алу, мониторинг және бағалау, дала мен орман өрттерінің мониторингі және т.б.) мүмкіндік береді |
Қырғызстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Райымберди Дуйшенбиевпен кездесуде Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ынтымақтастықтың дамуының оң динамикасын атап өтті және оны одан әрі нығайту ниетін білдірді.