Голландия әскері барлауға арналған шағын ұшақсыз ұшатын аппараттарды сатып алады

Нидерланд Қорғаныс министрлігі құрлық әскерлері мен теңіз жаяу әскерлерінің барлау бөлімшелеріне арналған «Блэк Хорнет» PD-100 шағын ҰҰА-ны жеткізуге арналған келісімшартқа қол қойылғандығы туралы жариялады.

Жүйені Prox Dynamics норвегия компаниясы (2016 жылы компанияны америкалық FLIR Systems компаниясы сатып алды және кәзір ол FLIR Unmanned Aerial Systems деп аталады) жеткізеді.

Жоғарыда айтылғандай, жүйелер нарықтағы қол жетімді үлгілерден реттеледі, бұл жауынгерлік жағдайда сыңалған ҰҰА-ны алдын ала белгілі бір құнмен алуды қамтамасыз етеді. «Блэк Хорнетті» қазірдің өзінде Ауғанстандағы британ әскерлері пайдаланған, Германия мен Норвегияда қабылданған.

 

Жақын арада Prox Dynamics мамандары Нимдерланд әскери қызметкерлері құрамынан нұсқаушыларды үйретеді, олар одан кейін жеке құрамды өз бетінше оқытады. PD-100 ҰҰА бар барлау жүйесі тактикалық құрылымдарды «бөлімше» деңгейде және әскери қызметкерлерді жеке-жеке жабдықтауға арналған.

Шамамен 18 грамм салмағы бар ұшқышсыз ұшақтар диаметрі 120 мм болатын екі қалақты бұранданы және рөлдік бұранданы іске қосатын электр қозғалтқышымен жабдықталған. ҰҰА ұшуының ұзақтығы – 25 минут, әрекет аумағы бақылау станциясынан 1,6 км. ҰҰА шағын өлшемдік жылуға ден қойғышпен жабдықталған.

«Блэк Хорнет» жиынтығының құны 50 мың АҚШ долларына бағаланған.

 

Дереккөз: https://военное.рф/2018/ТорговляОружием74/