Қазақстан мен Өзбекстан арнайы техника өндіруді жоспарлауда

Қазақстандық «Тыныс» зауыты мен Өзбекстандық «Krantas Group» кәсіпорны өнеркәсіп пен құрылыс секторының түрлі салаларына арналған арнайы техника өндірісін ұйымдастыруға ниетті.

Ең заманауи  және озық  технологиялар негізінде 16-дан 100 тоннаға дейін жүк көтергіштігімен автокрандар, манипулятор-крандар, өзіаударғыштар, мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған  автошанаш-бензин тасымалдағыштары Қазақстанда шығаралатын болады.

Тараптар отандық нарықтың арнайы техникаға деген қажеттілігінің маркетингтік талдауын өткізді, тиісті техникалық және құрастырымдық құжаттарды дайындады. Қазіргі уақытта «Тыныс» АҚ базасында өндіріс алаңын дайындау жүргізілуде.

«Тыныс» АҚ бас директоры Қайрат Қалманбаевтың сөзінше, компаниялармен қабылданып жатқан шаралар Қазақстанда талап етілетін маңызды экспорттық әлеуеті бар бәсекеге қабілетті өнімдерді жинауды ретке келтіруге мүмкіндік береді, ол, өз кезегінде екі елдің машина жасау салаларының ынтымақтастығын дамыту үшін негіз болады.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан мен Өзбекстанның II-ші Бизнес-форумының аясында, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы мен «Krantas Group» ЖШҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Тыныс» АҚ-ы — Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш  өнеркәсібі  министрлігінің сенімгерлік басқаруындағы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның  еншілес кәсіпорыны болып табылады.

«Krantas Group» ЖШС – өнеркәсіп пен құрылыс секторының  әр түрлі салалары үшін  арнайы  техника өндіруге мамандандырылған Өзбекстанның ең ірі кәсіпорыны.