Израиль Boeing корпорациясымен ең ірі келісімшарт, оның ішінде  F-15IA жойғыштар туралы келіссөздер жүргізіп жатыр

Израиль Boeing корпорациясымен ең ірі келісімшарт, оның ішінде F-15IA жойғыштар туралы келіссөздер жүргізіп жатыр

Израиль «The Times of Israel» газеті 2018 жылғы 26 шілдеде «Israel looks at massive military aircraft purchase from US firm Boeing» материалында Израиль америкалық Boeing корпорациясымен F-15IA жойғыштарын,  КС-46А жанармай құйғыш ұшақтарын, V-22 Osprey көліктік конвертопланды және CH-47F Chinook көліктік тікұшақтарды сатып алу туралы шамамен 11 млрд. долларды құрайтын Израиль тарихындағы ең ірі кешенді келісімшарттың жасасу үшін келіссөздер жүргізуде,- деп хабарланады. Келісімшарт толығымен Израильге америкалық әскери көмек есебінен қаржыландырылатын болады. Техниканы жеткізу келісім жасасылған сәттен бастап он жыл ішінде жүзеге асырылады.

Сауд Арабиясының ӘӘК үшін құрастырылған жаңа жойғыштарының бірі Boeing F-15SA. Сент-Луис, 2018 жылғы шілде. Израильдің сатып алуға жоспарлаған F-15IA модификациясының жойғыштары техникалық жағынан жақын болады (с) twitter.com/MbKS15

Израиль сатып алу үшін жоспарланған техникалардың саны жарияланбайды, бірақ F-15IA жойғыштары мен CH-47F тікұшақтарына қатысты, олар «эскадрилье бойынша» сатып алынуы керек деп айтылады (ол F-15IA-нің 25 машинасы болса керек).

F-15IA (Israel Advanced) қос орынды көп мақсаттағы жойғыш, шамасы Сауд Арабиясы сатып алатын F-15SA жойғыштары мен F-15QA Катарға сырт бейнесі бойынша өте жақын болады. Естеріңізге сала кетейік, 1998-2000 жылдары Израиль 25 қос орынды көп мақсатты F-15I жойғышын алды.

Сонымен қатар, «4 ++» буынындағы F-15IA жойғыштарын сатып алуымен бірге, келесі бірнеше жылда Израиль болжаммен бесінші буындағы Lockheed Martinn F-35I  жойғыштарының тағы бір эскадрильесіне (25 ұшақ) тапсырыс бермек.

         CH-47F көлік тікұшақтары мен V-22 конвертпландарды Израиль
1969 жылдан бері еліміздің ӘӘК-де пайдаланылатын Sikorsky CH-53 көлік тікұшақтарын ауыстыру үшін сатып алатын болады.

 

Материалға құқық bmpd.livejournal.com тиесілі.

 

Дереккөз: https://vpk.name/news/222777_izrail_vedet_peregovoryi_s_boeing_o_krupneishem_kontrakte_vklyuchaya_istrebiteli_f15ia.html