Қазақстан Ми-171 ресейлік тікұшақтарын құрастыруды жоспарлап отыр

Қазақстан Ми-171 ресейлік тікұшақтарын құрастыруды жоспарлап отыр

                             Ми-171А1 жүк жолаушылар тікұшағы.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстан ресейлік Ми-171 тікұшақтарын құрастыруды жоспарлап отыр деп журналистерге мәлімдеді.

“Бірнеше жоба бар, олар авиациямен байланысты. 405-ші зауыт базасында Ми-171  тікұшақтарын құрастыру жоспарлануда. Биылғы жылы тікұшақтардың 12 жиынтығы жұмыста болады”, — деп Б. Атамқұлов Ресей мен Қазақстанның Омсктағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумында мәлімдеді.

2019 жылғы 6-7 қарашасында Омскіде “Шекаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері” тақырыбында Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVI форумы өтті.

 

Дереккөз: https://vpk.name/news/344099_kazahstan_planiruet_naladit_sborku_rossiiskih_vertoletov_mi171.html