Радиоэлектрондық мылтық «Пищаль» / Фото: Антон Тушин
Ресей “Пищаль” дронға қарсы мылтықты және “Таран” тұрақты радиоэлектрондық кешенді Сербия мен Оңтүстік Осетияға жеткізеді,- деп хабарлады “Автоматика” (Ростехке кіреді) концернінің бас құрасытрушысы Сергей Букашкин.
«Ұсынылған екі үлгіні де біз Сербияға және Оңтүстік Осетияға жеткіземіз» – деп айтты С. Букашкин РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровтың “Гидроавиасалона-2018” экспозицияларын аралаған кезінде оған жасаған баяндамасында.
Бас құрастырушының айтуынша тұрақты “Таран” дронға қарсы кешен
3 шақырым қашықтықта, ал “Пищаль” мылтығы – 2,5 шақырым қашықтықта жұмыс істейді. “10 шақырымға дейін созылған “Тигр” бронды автомобилі негізінде (дронға қарсы кешеннің – ред.) екі нұсқасы бар- деп түсіндірді
С. Букашкин.
Бұған дейін «Автоматика» концернінің өкілі РИА-Новостиге «Пишаль» мылтығы шынайы жауынгерлік жағдайларда сыналған және өте жақсы нәтижелер көрсеткен.
«Пищаль» – салмағы үш килограмм радиоэлектронды мылтық, ол мақсатты анықтай алады және оның навигациясы мен байланысын абрлық ықтимал жиілікте жоя алады.
ГЕЛЕНДЖИК, РИА Новости
Дереккөз: