Қазақстан және Беларусь қорғаныс-өндірістік және аэроғарыш саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Беларусь Республикасының Мемлекеттік әскери-өндірістік комитетінің төрағасы Олег Двигалевпен кездесті.

Келліссөздер барысында екі жақ әскери-техникалық ынтымақтастық бағыттарын, бірлескен ғарыштық қызметі және ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Қазақстандық делегация Беларусьтің қорғаныс-өндірістік кешені және ғарыш қызметі саласындағы кәсіпорындардың жоғары даму деңгейін мен мықты кадрлық потенциалын атап өтті. Бұның алдында ҚР ҚАӨМ мамандарының жұмыс тобы белорустік әріптестердің шақыруы бойынша республикаға келіп, онда ҚӨК өнімдерімен және кәсіпорындардың өндірістік қуатымен танысты.

Кездесу соңында қазақстандық жақ Беларусь өкілдерін 2018 жылдың мамыр айында Астана қаласында өтетін «KADEX-2018» V Қару-жарақ және әскери-техникалық меншік халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.

Бұрын хабарлағандай, Қазақстан Президентінің Беларусь Республикасына ресми іс-сапардың шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен  Беларусь Республикасының Үкіметі арасында өндірістің қорғаныс сала кәсіпорындарының өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациясы туралы келісімге қол қойылды. Мемлекет басшыларының қатысуымен құжатқа ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі және  Беларусь Мемлекеттік әскери-өндірістік комитетінің төрағасы қол қойды.