Қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары «Әскер-2018» Халықаралық форумда өз өнімдерін ұсынды

2018 жылдың 21 тамызда Мәскеу облысының Кубинка қаласында ашылған «Әскер-2018» IV Халықаралық әскери-техникалық форумының жұмысына  Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің (ҚӨК) кәсіпорындары қатысты.

Қазақстандық стенд 200 шаршы метрден астам ауданды алып отыр, онда отандық компаниялар әскери және екі мақсаттағы өнімдерінің 120-дан астам үлгілер мен макеттерін орналастырды.

Айта кету жөн, ҚӨК отандық кәсіпорындар бұл форумға үшінші жыл қатысып, экспорттық потенциалы бар қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін ұсынуда.

Ұлттық көрме экспозициясына «КАЕ» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «Тыныс» АҚ, «Семей инжиниринг» АҚ, «Казспецэкпорт» РМК, «405 авиажөндеу зауыты» АҚ және ҚӨК саласының басқа да компаниялары қатысты.

«КАЕ» ЖШС-тің Электрондық-оптикалық өнімін шығаратын зауыты көрмеде тепловизиялық құралдар үшін инфрақызыл линзаларды және радиобайланыстың кәсіби құралдарын ұсынды.

«С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ әмбебап полигон құрал-жабдығын көрсетті. Оның құрамында мақсатты қондырғылар, төрлі өлшемдегі мақсаттар, басқару блоктар, сондай-ақ радиорелейлік станциялар болды.

«Семей инжиниринг» кәсіпорны жаңғыртылған брондалған танк техникасы мен конверсионды техниканың макеттерін, оның ішінде Т-72 танкі, ЖӘЖМ және БТР-80 негізінде жасалған жөндеу-эвакуациялық пен барлау-бақылау машиналарын ұсынған.

«Тыныс» АҚ «Әскер-2018» форумында әуе өнеркәсібі үшін құрамдас бөлшектерін және әскери амуницияны: бронежилет, брондалған жүйелер, қорғаныш плиталар, дулығалар және басқа да өнімдерін көрсетті.

Форум барысында қазақстандық делегация шетел әріптестермен бірқатар келіссөздер өткізу жоспарлап отыр.

 

Анықтама: «Әскер-2018» Халықаралық әскери-техникалық форум дәстүрлі түрде Мәскеу облысының (РФ) Алабино полигоны және Кубинка аэродромының «Патриот» конгресс-көрме орталығының аумағында 2018 жылдың 21-26 тамыз аралығында өтуде. Форум ұйымдастырушысы – РФ Қорғаныс министрлігі. «Әскер-2018» форум шеңберінде әскери техниканың ауада, жерде және судағы мүмкіндіктері көрсетіледі, сондай-ақ кең ауқымды ғылыми-іскерлік бағдарлама өткізіледі.