Қазаақстан мен Түркия екіжақты ынтымақтастықты арттыра түспек

Қазаақстан мен Түркия екіжақты ынтымақтастықты арттыра түспек

ҚР Қорғаныс жәнне аэроғарыш өнеркәсібі минитсрі Бейбіт Атамқұлов Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Невзат Уяныкпен кездесті.

Кездесу барысында қорғаныс-өнеркәсіп кешені, киберқорғаныс және ғарыш салаларының түрлі аспектілері талқыланды. 

Әсіресе, әскери-техникалық ынтымақтастық аясында түрік компанияларымен бірлескен жобаларды дамытуға баса назар аударылды.

Айта кету кеерк, Қазақстан әлемнің 100 үздік қорғаныс кәсіпорына кіретін Түркияның ірі қорғаныс—өнеркәсіп кәсіпорны – «ASELSAN» компаниясымен жақсы ынтымақтастық орнатып келеді.

«Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС бірлескен кәсіпорны (ҚР ҚАӨМ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) қазақстандық әлеуетті құрылымдар үшін электронды және электронды-оптикалық өнімдер өндіреді. Бұл – байланыс жүйелері, теледидарлар, түнде көздеу атыс қарулары, сондай-ақ атысты электронды тұрақтандыру.