«Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК қызметкерлері ҰОС ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК өкілдері Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлерін осы айтулы күнмен құттықтады.

Соғыс батырларына құрмет көрсету үшін оларға Кәсіпорын қызметкерлерінің делегациясы жіберілді, оның барысында материалдық көмек көрсетілді.

Ардагерлер соғыстың қиын-қыстау күндері, майдандас жолдастары мен соғыс құрбандары туралы естеліктерімен бөлісті. 

Кәсіпорын өкілдері майдангерлерге болашақ ұрпақтың өмірі, бейбітшілігі мен бостандықтары үшін алғыс айтып, олардың батырлығы мен қайсарлығы үшін құрмет пен ризашылықтарын білдірді.