Photo: Rafael
Британдық қорғаныс министрлігі Израильдік Drone Dome («Жужжащий купол) ұшқышсыз ұшатын аппараттардан объектілерді қорғау жүйелерін сатып алу туралы шешім қабылдады. Жүйені Израильдің Rafael әзірлеуші-компаниясы жыл соңына дейін жеткізеді деп хабарлайды AINonline.
Drone Dome ұшқышсыз ұшатын аппараттардан қорғау жүйесі алғаш рет 2016 жылдың сәуір айында ұсынылды. Жүйе құрамына 360-градустық көрініске ие электрондық-оптикалық және инфрақызыл сенсорлар, сондай-ақ радиолокациялық станция және радиоэлектрондық басу кіреді. Сонымен қатар, кішкентай ұшқышсыз ұшатын аппараттарды жою үшін лазерлік сәуле таратушысы бар. «Бұзушы» анықталған кезде, «Жужжащий купол» жалған спутниктік навигациялық сигнал генераторын және радиоэлектрондық басу құрылғысын пайдаланады, лазер оператордың командасы арқылы қолданылады. Жүйе екі режимде — оператордың командасымен және автоматты түрде жұмыс істейді. Әзірлеушілердің айтуынша, Drone Dome қорғау жүйесі күннің кез келген уақытында және кез келген ауа-райында
2-ден 150 кг-ға дейінгі салмақпен ҰҰА-ға қарсы күресуге арналған.
Ұлыритания Қорғаныс министрлігі жүйені өздерінің әскери базаларын, сондай-ақ басқа да инфрақұрылымдық нысандарын қорғау үшін пайдалануды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта британ әскері жалпы сомасы 20 млн. долларға жүйенің алты жиынтығын сатып алуды жоспарлап отыр.
Осы материалға құқығы «Военное обозрение» тиесілі
Дереккөз: https://vpk.name/news/226739_britaniya_planiruet_zakupit_izrailskii_zhuzhzhashii_kupol.html