Литваға алғашқы «Боксер»броньды машиналары келіп түсті

Литваның Ұлттық қорғаныс министрлігі ағымдағы жылғы
15 желтоқсанда елге алғашқы екі дөңгелекті формуласы 8х8 «Вилкас» оқу-жаттығу броньды машинасының (ұлттық белгісі «Боксер» ББМ) келіп жеткені туралы жариялады.

Оқу-жаттығу броньды машиналары жауынгерлік машиналар жабдықталатын қару-жарақпен және бір қатар басқа да жүйелермен жарақтандырылмаған.

Машиналарды тапсырыс берушіге берудің барлық рәсімдері аяқталғаннан кейін техника ресми түрде Литваның Қарулы Күштеріне (ҚК) қарулануына қабылданатын болады және осы жылы жеке құрамды оқытуға пайдаланыла бастайды.

2016 жылғы 22 тамызда Rheinmetall және Krauss-Maffei Wegmann (КМW) компанияларықалыптастырған ARTEC (Германия) бірлескен кәсіпорны OCCAR (Organisation conjointe de cooperation en matiere d’armement) қару-жарақ сатып алу саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ұйым арқылы Литваның ҚК-мен 88 (сексен сегіз) дөңгелекті формуласы 8х8 көп мақсатты «Боксер» ББМ-ның бейімделген нұсқасын, сондай-ақ үш оқу-жаттығу машинасын жеткізуге арналған келісімшарт жасағанын жариялаған. Одан басқа келісімде техникаға техникалық қызмет көрсету, бастапқы кезеңде қосалқы бөлшектер жеткізу, техникалық құжаттама беру, оқыту жүйелері мен тренажерлер, арнайы жабдықтар, оқ-дәрілер және т.б. жеткізу көзделген. Келісімшарттың жалпы құны 385,6 млн. еуроны (437 млн. АҚШдолларын) құрады.

Литва ҚК талаптары бойынша бейімделген броньды машина «Вилкас»/«Волк» ЖЖМ (IFV Vilkas) белгісін алды. Бірінші жауынгерлік броньдалған машиналар Литваға 2019 жылдың басында жеткізіледі деп болжануда. Төрт нұсқадағыББМ-ны толық жеткізу 2021 жылға қарай орындалатын болады. Бұл ретте 53 машинаны KMW, ал 35 бірлік машинаны «Рейнметалл» дайындайтын болады. Жаңа ББМ-дер «Железный Волк» механикаландырылған жаяу әскердің екі батальонының қарулануына түседі.

Литва Германия мен Нидерландыдан кейінгі«Боксер»ББМ сатып алған үшінші сатып алушы болды. Литвамен келісімшарт тапсырыс берілген «Боксер» броньды машинасының жалпы санын 700 бірлікке дейін арттырды.

 

Ақпарат көзі:

http://www.armstrade.org/includes/periodics/mainnews/2017/1218/094744638/detail.shtml