Израиль жаңа алысқа ататын зымырандарды әзірлеуде

Израиль армиясын ұзаққа ататын зымыран артиллериясымен жарақтандыру жоспарлануда. 2018 жылғы 4 ақпанда armyrecognition.com порталы Израильдің қорғаныс министрі Авигдор Либерман әскери ведомствоға кеңейтілген ауқымдағы жаңа зымырандарды әзірлеуді тапсырғанын хабарлады.

Бірінші кезеңнің шеңберінде EXTRA (Extended-range artillery) зымыран кешендерінің негізінде кеңейтілген ауқымды зымыран жасауды жоспарлануда. Қазіргі уақытта EXTRA зымырандары көздеу нүктесінен
10 м-ден аспайтын ауытқуы бар 150 км-ге дейінгі қашықтықтағы нысананы жоя алады. Бұдан әрі осы қашықтықты екі есеге артуы мүмкін.

Жаңа қаруды әзірлеу және сатып алу үшін Израиль Қорғаныс министрлігі 500 миллион доллар бөлді, Сонымен бірге, алысқа ататын зымыран артиллериясын кеңейтуге арналған бағдарламаның жалпы құны
2 миллиард долларға жетуі мүмкін. Одан басқа, жаңа зымырандар Израиль армиясының кемелері мен ұшақтарына қолдануға бейімделуі мүмкін.

EXTRA зымыран жүйелерін Israel Aircraft Industries (IAI) және Israel Military Industries (IMI) компаниялары әзірледі. Қондырғылар алғаш рет Paris Air Show 2005 көрмесінде таныстырылды. EXTRA зымырандарының әрқайсысы шамамен 450 килограмм салмақты құрайды, оның ішінде 125 кг жауынгерлік бөлім болып келеді. Зымыранның ұзындығы – 4 м, диаметрі – 30 см құрайды. ЦАХАЛ-дан басқа EXTRA кешендері де Әзірбайжан мен Вьетнам армиясының қару-жарағында бар.

 

Дереккөз: https://vpk.name/news/205885_izrail_razrabotaet_novyie_dalnoboinyie_raketyi.html