Бронированная машина Dingo 2 HD броньдалған машина

 «Jane’s International Defence Review» журналындағы Christopher F. Foss-тың «KMW expands Dingo protected vehicle family» мақаласында  хабарланғандай Krauss-Maffei Wegmann (KMW) Германия компаниясы бұрынғы Dingo нұсқаларындағы 4х4 дөңгелекті формуласының орнына 6х6 формуласымен ерекшеленетін өзінің әйгілі Dingo брондалған машиналар тобының жаңа нұсқасы Dingo 2 Heavy Duty (HD) брондалған машинасын әзірледі. Германия бронетехникасын сатып алуға арналған белгілі келісімшарт шеңберінде осы 14 машинаны үш нұсқада (медициналық, командалық-штабтық және жер үсті барлаудың РЛЖ тасушы) алған Қатар Dingo 2 HD машинасының бастапқы тапсырыс берушісі болды

Алдыңғы шығарылымдардың Dingo тобының брондалған машиналары Mercedes-Benz автомобилінің UNIMOG (4×4) шассиінде жасалды. Бүгінгі таңда жеті елдің қарулануында тұрған 1000-нан астам Dingo (4х4) машиналар өндірілді.

Dingo 2 HD автокөлігі 6×6 дөңгелекті формуласы бар Mercedes-Benz автокөлігінің UNIMOG FGA20 шассиінде жасалды және 20 тонна болатын жалпы жауынгерлік салмағы бар. Бронетранспортер нұсқасындағы десантты бөлімінің сиымдылығы 10 адамды құрайды, ал штаттық экипаж екі адам. 240 кВт қуаты бар дизельді қозғалтқыш автоматты беріліс қорабымен біріктірілген. Құрылғыны қорғау деңгейі ашылмаған, корпус қосымша топсалы брондау жинағымен жасақталуы мүмкін.

Осы материалға құқығы bmpd.livejournal.com тиесілі