Израиль Boeing корпорациясымен ең ірі келісімшарт, оның ішінде F-15IA жойғыштар туралы келіссөздер жүргізіп жатыр
Израиль «The Times of Israel» газеті 2018 жылғы 26 шілдеде «Israel looks at massive military aircraft purchase from US firm Boeing» материалында Израиль америкалық Boeing корпорациясымен F-15IA жойғыштарын, КС-46А жанармай құйғыш ұшақтарын, V-22 Osprey көліктік конвертопланды және CH-47F Chinook көліктік тікұшақтарды сатып алу туралы шамамен 11 млрд. долларды құрайтын Израиль тарихындағы ең ірі кешенді келісімшарттың жасасу үшін келіссөздер жүргізуде,- деп хабарланады. Келісімшарт толығымен Израильге америкалық әскери көмек есебінен қаржыландырылатын болады. Техниканы жеткізу келісім жасасылған сәттен бастап он жыл ішінде жүзеге асырылады.