Астанада әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық конференция өтеді
2018 жылғы 23-24 мамыр аралығында Астана қаласындағы Іскерлік орталығында әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық конференция – «Advanced Def Tech» ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. Оның ұйымдастырушылары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ. Бұл іс-шара 2018 жылғы 23-26 мамыр аралығында елордада өтетін «KADEX-2018» V халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің басты оқиғаларының бірі болып табылады.