«ArmHiTec-2018» көрмесін бару
2018 жылғы 28-30 наурыз кезеңінде ҚР ҚАӨМ «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК делегациясы Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Ә.Қ. Құрманғалиевтің басшылығымен Армения Республикасы Ереван қаласындағы «ArmHiTec-2018» ІІ Халықаралық қару-жарақ және қорғаныс технологиясының көрмесіне барды. Армения Республикасы Қорғаныс министрлігі көрменің ұйымдастырушыларының бірі болып табылады.