«ArmHiTec-2018» көрмесін бару

2018 жылғы 28-30 наурыз кезеңінде ҚР ҚАӨМ «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК делегациясы Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Ә.Қ. Құрманғалиевтің басшылығымен Армения Республикасы Ереван қаласындағы «ArmHiTec-2018» ІІ Халықаралық қару-жарақ және қорғаныс технологиясының көрмесіне барды. Армения Республикасы Қорғаныс министрлігі көрменің ұйымдастырушыларының бірі болып табылады.

Көрме барысында «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК өкілдері қорғаныстық өнеркәсіп саласындағы қазіргі заманғы технологиялармен және шешімдермен танысты және жетекші компаниялармен бірқатар кездесулер өткізді. 

Сондай-ақ бас директордың орынбаары Т.Қ. Базарбеков ҰҚШҰ әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссия жанындағы Іскерлік Кеңесі отырысының жұмысына қатысты.