«Safran Electronics & Defence» Франция компаниясының өкілдерімен өткізілген жұмыс кездесуі

2017 жылғы 7-8 қараша кезеңінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнында «Safran Electronics & Defence» компаниясының (Франция Республикасы) өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті, кездесу барысында Франция компаниясы шығаратын өнімі таныстырылды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және басқа да әскери құралымдарының мұқтажы үшін бұйымды жеткізу шеңберінде одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа кол жеткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Ұлттық Ұланның өкілдері қатысты.