Жеке құрам үшін түсіндіру жұмысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты ескерту және алдын алу мақсатында
2018 жылғы 11 желтоқсанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департаментіңнің қызметкері Алан Исакул «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК жеке құрамы үшін түсінідіру жұмыстарын жүргізді. 

Кездесу барысында А. Исакул елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар туралы, алдын алу жұмыстары мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күреске қарсы шетелдік тәжірибе туралы мәлімдеді.

Аудиторияда тақырыптық бейнеролик көрсетілді.