Чехия ұшқышсыз аппараттар сатып алады

Чехия армиясы дрондар сатып алу бойынша масштабты бағдарламаны бастады. 2017 жылғы желтоқсанда armyrecognition.com порталы Чехия Қорғанысминінің ScanEagle американдық ұшқышсыз аппараттарын сатып алғаны туралы мәлімдеді. Чехия Қорғанысмині армиялық ұшқышсыз аппараттарға 1 млрд Чехия кронын ($47 млн.)

Іске қосу қондырғысы бар ScanEagle ұшқышсыз аппараты

Алғашқыда Чехия әскерилері ScanEagle барлау дрондарын алады. 2019 жылы жеткізу жоспарлануда, келісімшарт құны $9,3 млн құрайды.

Чехия солдаттары ендігі ScanEagle дронымен таныс, себебі АҚШ ұсынатын ұшқышсыз аппараттарды Ауғанстандағы «Шешімді қолдау» НАТО миссиясы шеңберінде пайдаланады. Алдағы уақытта Чехияның әске ведомствосы соққы беру дрондарын да сатып алуды жоспарлауда.

ScanEagle дроны Boeing және Insitu компанияларының бірлескен әзірлемесі болып табылады. ScanEagle дронының бірінші прототипі 2002 жылы әуеге көтерілген, ал екі жыл өткен соң Ирактағы жауынгерлік қозғалыстарға қатысқан АҚШ теңіз жаяу әскерлерінің корпусы бөлімшелерінің құрамында тестілеуден өтті. Ұшқышсыз аппарат ресми түрде Америка армиясының қарулануына 2005 жылы қабылданды және барлауға, алаңды қадағалау және нысананы көрсетуге арналған.

Ақпарат көзі: https://vpk.name/news/200153_chehiya_vooruzhaetsya_amerikanskimi_bespilotnikami.html