Czechoslovak Group Украина Қарулы Күштеріне БМП және гаубицаларын жеткізеді

Әлемдік қару саудасын талдау орталығы, 2018 ж. 4 мамыр.

Czechoslovak Group (CSG) компаниясының құрамына кіретін, Excalibur Army компаниясы қалпына келтірілген BVP-1 жауынгерлік жаяу әскер машинасын және 122-мм 2C1 «Гвоздика» өздігінен жүретін гаубицаларды Украинаның Қорғаныс министрлігіне жеткізуге арналған келісімшартты жасасты.

CSG баспасөз хатшысы Андрей Циртектің Jane’s Defence Weekly-ге айтуы бойынша, «ондық платформаларды» жеткізуге арналған келісімшартқа қол жақында ғана қойылды, ал оның құны «жүздеген миллион крон» құрайды. Excalibur Army компаниясы VOP 026 Sternberk Кәсіпорнында брондалған жауынгерлік жаяу әскер машиналар мен өздігінен жүретін гаубицаларды толығымен қалпына келтіреді, кейннен оларды Украинаның Қорғаныс министрлігіне экспорттайтын Польшалық серіктес Wtorplast компаниясына тапсырады.

A. Циртек Excalibur Army Украинаның Қарулы Күштеріне брондалған техниканы жеткізуге арналған келісімшарттың қосалқы мердігері болып табылатынын анықтаған жоқ, ол тек поляк Wtorplast компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрды деген мәлімдеме жасады, ол бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша 7 сәуірде Украинаның Құрлық әскерлеріне жаңартылған БМП-1 жеткізу туралы келісімшартқа қол қойды.

BMP-1 бронды машиналары бұрынғы Чехословакияда лицензия бойынша BVP-1 атауымен шығарылған. Сарапшылардың айтуынша, Excalibur Army компаниясы арқылы Украинаға жеткізуге арналған BMP-1 машиналары Чехияда шығарылған.

Өздігінен жүретін 2C1 «Гвоздика» гаубицалары Польшада 1989 жылға дейн 2S1 Gozdzik атауымен шығарылды. Excalibur Army тек Польшада өндірілген орнатуларымен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетіні болжанады.

БМП және өздігінен жүретін гаубицаларды Украинаға жеткізуге арналған соңғы келісімшарт — Czechoslovak Group компаниясының тағыда Кеңес дәуіріндегі шамадан артық брондалған техниканы экспорттауды көздейтін жасасқан мәміле болып табылады. Соңғы үш жылда компания Нигерияға, Индонезияға, ал 2017 жылдың соңында — Әзірбайжанға танктерді, брондалған машиналарды және өздігінен жүретін артиллерияны экспорттады. Айта кету керек, Украина жағдайында, чех компания делдал арқылы жұмыс істейді.

 

Дереккөз: http://armstrade.org/includes/periodics/news/2018/0504/102546594/detail.shtml