«HeliRussia-2018» көрмесінің іскерлік бағдарламасы аясында «ӘТС-тің тіршілік циклі» панельдік пікірталасы өтеді, оның барысында қатысушылар әскери-техникалық ынтымақтастықтың (ӘТЫ) өзекті мәселелерін талқылайды.
Пікірталас күн тәртібіне техникалық ынтымақтастықтың әртүрлі кезеңдеріне қатысты мәселелер, ӘТЫ халықаралық нарығында келісімшарттық қызмет ерекшеліктері, шетелдік тапсырыс берушілермен өзара әрекеттесу мәселелері және әлеуеті талқыланды.
Пікірталас аясында Талдау, стратегия және технологиялар орталығының және Латын Америкасы елдерімен экономикалық ынтымақтастықты жәрдемдесу жөніндегі ұлттық комитетінің (ЛА ЭЫЖҰК) сарапшылары Ресейдің АҚШ-тың санкциялық саясаты шартындағы қару-жарақ экспорты, негізгі ресейлік серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жоспарлар туралы айтады, сондай-ақ әрбір өңірдің қауіптерін бағалайды..
ӘТЫ келісімшарттарының ерекшеліктері мен ынтымақтастықтың тіршілік циклінің кезеңдері жөнінде ірі тікұшақ құрылыс кәсіпорындарының мамандары айтады. Мақсаттық келісімшарттарға және «кешенді жеткізуге», сондай-ақ ресейлік тікұшақ жабдықтарына сатудан кейінгі қызмет көрсету нарығын қалыптастыруға ерекше назар аударылатын болады.
Іс-шара бағдарламасына салалық сарапшылардың сөз сөйлеуі, сұрақтар мен жауаптар сессиясы, пікірталастар мен кейстерді қарау кіреді.
Палельдік пікірталас 2018 жылғы 24 мамырда «КРОКУС ЭКПО» үшінші көрме павильонынының № 3 мәжіліс залында өтеді.
HeliRussia 2018 XI Халықаралық тікұшақ индустриясы көрмесі Мәскеуде мамырдың 24-26 аралығында «КРОКУС ЭКПО» МВЦ алаңында өтеді. Көрме жұмысына Ресейдің қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенінің 20-дан астам кәсіпорындары қатысады.
Дереккөз: https://военное.рф/2018/МеждународноеСотрудничество16/