Иорданияда өзінің «Терминаторын» жасап шығарды

Jadara Equipment and Defence Systems Иордания бірлестігі «Терминатор» портативті алып жүретін-тасымалданатын зымыран кешенің әзірлеудің аяқталғандығы туралы жариялады.

Jane’s жаңалықтың Амманда өткен SOFEX-2018 қару-жарақ көрмесінде ұсынылғандығын хабарлайды.

Әзқірлеушілер»Терминатор» портативті кешен сериялық өндіріске дайын екендігін атап өтті.

Дүниежүзілік қару саудасының сараптамалық орталығы 2013 жылғы мамырда Иорданияда Ресейдің «Базальт» ғылыми-өндірістік бірлестігі әзірлеген РПГ-32 «Нашшаб» танкіге қарсы қол гранатаатқыштардың Ресей-Иордания бірлескен жинау өндірісінің ашылғандығын еске салады. Бұл қару екі калибрлі оқ-дәрілермен атуға мүмкіндік береді: 72,5 и 105 мм. Jadara Equipment and Defence Systems компаниясы «Терминатор» танкіге қарсы кешеннің РПГ-32-ні өндірген кезде алған тәжірибе ескеріле отырып, әзірленгендігін айтты. Кешен көліктік-іске қосу контейнерінде ату үшін
107 мм калибрлі зымыранды пайдаланады. Тандем кумулятивті бөлігі бар зымыран қалыңдығы 550 мм болат бронды тесуге қабілетті.

Зымыранның жауынгерлік жарықшақты-фугасты бөлігінің бронды тесіп шығу мүмкіндігі 50 мм-ді құрайды. Жүктелген оқ-дәріге байланысты зымыран кешенінің массасы 15,9 кг-ға жетуі мүмкін. «Терминатордың» атуының ең көп қашықтығы 2,5 км құрайды. Ұшыру қондырғысы күндізгі және түнгі көздеулермен жабдықталған.

Болжам бойынша, Иорданияның қарулы күштері жақын арада жаңа зымыран жүйесінің екі айлық сынағын бастайды. Оның нәтижесі бойынша, әскерилер «Терминаторды» қару-жараққа қабылдау туралы шешім қабылдайды.

 

Дереккөз: https://военное.рф/2018/БлижнийВосток8/