ҚР ҚАӨМ-де жобалық басқаруды енгізу өндіріс көлемінің және өнім экспортының артуын қамтамасыз етті

2017 жылғы наурыздан бастап ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде (ҚР ҚАӨМ) жобалық басқарудың тәсілдерін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

ҚР ҚАӨМ осы жұмыс шеңберінде «Базалық индустрияландыру» бағыты бойынша «Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі» жобасын іске асыруда.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұловтың басшылығымен Министрлікте Жобалық басқаруды енгізу штабы құрылған.

Қазіргі таңда жобалық басқарудың тәсілдерін енгізу Қорғаныс және аэроғарыш салаларындағы кәсіпорындар өндірісінің көлемін 14%-ға арттыруға мүмкіндік берді, өнім экспорты 2016 жылмен салыстырғанда 2 есеге дерлік өсті.

ҚР ҚАӨМ-мен 2024 жылға дейін іске асу мерзіміммен 14 міндетті қамтитын 8 бастама әзірленді.

Аталған бастамалар 2019-2020 жылдардың өзінде кәсіпорындардың өнімдері өндірісі мен экспорты көлемін бірнеше есе өсіруге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп  бағамдалады.

Министрлік мамандарымен тұрақты түрде проблемалық мәселелерді жедел түрде шешу үшін ағымдағы жағдайға талдау жүргізіледі. 2018 және содан кейінгі жылдарға егжей-тегжейлі жоспар әзірленген және бекітілген.

Министрлік әзірлеген бастамалар ҚР ҚАӨМ Жобалық басқаруды енгізу штабының атқарған жұмысы таныстырылған Экономиканың жаңғыруы мәселелері бойынша мемлекеттік комиссия отырыстарында тыңдалды.