Израиль ӘӘК кезекті F-35 «Адир» қос жойғышын алды

Израиль ӘӘК қолбасшылығы «Неватим» авиабазасына кезекті F-35I «Адир» қос жойғышының жеткізілетіндігін хабарлады. Жаңа ұшақтардың қонуы кезінде олармен бұрын алынған қос F-35I «Адир» ұшақ еріп жүрді.

Екі жаңа ұшақты есепке ала отырып, Израильге жеткізілген F-35I «Адир» ұшақтарының жалпы саны 9 бірлікке жетті. Қабылдау ресімдерін өткізгеннен кейін ұшақтар Израильдің ӘӘК құрамына кіреді.

ӘҚСТО мәлімдеуінше 2008 жылғы қыркүйекте АҚШ ҚМ (DSCA) қауіпсіздік саласындағы Ынтымақтастық жөніндегі агенттігі АҚШ Конгресін «Шетелдік әскери сату» бағдарламасы шеңберінде Израильге
қалыпты ұшатын және қонатын (ҚҰҚ) нұсқадағы 50 ұшақты қосымша сатып алуға арналған опционы бар немесе қысқа ұшатың және тік қонатын (ҚҰТҚ), сондай-ақ көрсетілетін қызметтер мен жабдықтар келісімшартымен ҚҰҚ нұсқасындағы 25 (жиырма бес) F-35A жойғышын сатып алу мүмкіндігі туралы хабардар етті. Сол сәттегі бағдарламаның толық құны 15,2 млрд АҚШ долларына бағаланды.

«Шетелдік әскери сату» бағдарламасы шеңберінде құны 2,75 млрд АҚШ доллары тұратын алғашқы 19 (он тоғыз) F-35A жойғышты жеткізуге арналған тапсырысты Израиль ҚМ 2010 жылғы қазанда орналастырды. Алғашқы F-35A «Адир» ұшағын жинау 2017 жылғы 7 қаңтарда басталды.

Ұшақтардың екінші партиясын экономикалық себептер бойынша екі траншқа бөлуге шешім қабылданды. Израиль ҚМ 14 (он төрт) F-35A жойғышты, сондай-ақ сүйемелдеуші жабдықтар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуді көздейтін құны 2,82 млрд. АҚШ доллары тұратын екінші келісімшартқа 2015 жылғы 22 ақпанда қол қойды.

2016 жылғы қарашаның соңында Израиль Үкіметінің қауіпсіздік жөніндегі министрлік аралық комиссия (әскери-саяси кабинет) тағы 17 (он жеті) F-35 сатып алуды бекітті. 2017 жылғы тамыздың соңында АҚШ-қа жіберілген Израиль ҚМ делегациясы қосымша «Адир» жойғыштарын сатып алуға арналған келісімге қол қойды. Осылайша Израиль тапсырыс берген
F-35A ұшақтарының жалпы саны 50 бірлікке дейін жетті.

Алғашқы F-35A қос ұшағы «Неватим» авиабазасына 2016 жылғы 12 желтоқсанда қонды. Тағы үші жойғыш Израильге 2017 жылғы 23 сәуірде жеткізілді. Ал ағымдағы жылғы 14 қыркүйекте «Неватим» авиабазасына кезекті екі F-35A ұшағы келіп қонды.

Қазіргі уақытта Израиль ӘӘК «Голден Игл» эскадрилья ұшқыштары жаңа ұшақтарда оқу-жаттығу өтуде. F-35 ұшағының жауынгерлік қолданысқа алғашқы даярлығы туралы 25017 жылғы 7 желтоқсанда жариялау жоспарлануда. Бірінші партияның барлық жойғыштары 2018 жылы, екіншісі 2021 жылы жеткізілетін болады.

 

Дереккөз:

1.https://vpk.name/news/197975_vvs_izrailya_poluchili_ocherednuyu_paru_istrebitelei_f35_adir.html