«KADEX-2018» көрмесі – 2018 жылғы 25 мамыр

«KADEX-2018» көрмесінің үшінші күні барысында іскерлік бағдарлама шеңберінде шетелдік елдердің қорғаныстық ведомстволарымен жұмыс кездесулері өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК бас директоры Арман Қайырбекұлы Рамазанов пен «Буревестник» АҚ бас директоры Георгий Иванович Закаменных Қазақстанның Қорғаныс министрлігі үшін 2Б24 мина атқыштарын жеткізуге арналған келісімшартқа қол қойды.

Одан басқа, Арман Қайырбекұлы Рамазанов «Abeking & Rasmussen Naval» компаниясының бас директоры Томас Хаакемен (Thomas Haake) және «Укрспецэкспорт» МК бас директорының орынбасары Сергей Григорьевич Омельченкомен екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК бас директорының орынбасары Талғат Қайырбайұлы Базарбеков пен «КБ Радар» ААҚ (Белорусь Республикасы) директорының сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі орынбасары Костеев Анатолий Геннадьевич ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Одан кейін Талғат Қайырбайұлы Базарбеков Красиков Сергей Васильевичпен (Новосибирск патрон зауыты «НПЗ» АҚ-ның (Ресей) коммерциялық директоры) екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Осы күні Кәсіпорын басшылығы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясы жанындағы Үйлестіру кеңесінің жарнама-көрмелік қызмет мәселелері жөніндегі пленарлық отырысына қатысты.

«KADEX-2018» көрмесінің жұмысын қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)» РМК-нің әскери-техникалық салада өзара тиімді ынтымақтастық үшін шетелдік әріптестермен жемісті жұмыс жүргізгендігін атап өтуге болады.