«KADEX» көрмесінде Ресей, Түркия және ҚХР жетекші кәсіпорындары өздерінің жаңа әзірлемелерін ұсынды

Ресей Федерациясы, ҚХР және Түркия Республикасы «KADEX-2018» көрмесінде өздерінің қорғаныс-өнеркәсіп, аэроғарыш және киберқорғаныс салаларындағы әзірлемелері қойылған ұлттық павильондарын ұсынды.  

Рсесйлік павильон аумағы шаршы метр, онда 58 кәсіпорын өнімдері қойылған.

 Тікұшақ құрастыру өндірісінде әлемдік көшбасшылардың бірі, жобалаумен, өндірумен және замануи азаматтық, әскери тікұшақтарға техникалық тұрғыда қызмет көрсететін әрі тікұшақ өндіріп, әзірлейтін Ресейдегі жалғыз кәсіпорын – «Ресей тікұшақтары» Холдингі «Ростех» Мемлекеттік корпорациясы өз жаңалықтарын көрсетті. 

«Жоғары дәлдікті кешен НПО» АҚ – жоғары дәлдікті қару-жарақ өндіру мен әзірлеуге маманданған: жедел-тактикалық зымыран кешені, зенитті зымыран кешені; танкіге қарсы және шабуыл қаруы кешендері; артиллериялық қару-жарақты басқару кешендері; броньді танк қару-жарағы техникалары кешендері, жеңіл броньді техникалар жауынгерлік бөлімі; атқыштар және жақыннан ұрысу қару-жарағы.

Біріккен әуе құрылысы корпорациясы толық циклды жұмыстарды атқарады: жобалаудан бастап сатылудан кейінгі қызмет көрсету мен «Су», «МиГ», «Ил», «Ту», «Як», «Бе», сондай-ақ жаңа SSJ100 и MC-21 сияқты авиция техникаларын утилизациялау.

«Ресей қорғаныс экспорт» кәсіпорны барлық сектор онімдерін, қорғаныс және екі мақсаттағы технологиялар мен қызметтерін экспортауға мманданған. 

Түркия павильоны 1620 шаршы метрді құрайды. Павильонда мынандай 21 кәсіпорын өнімдері қойылған: ASELSAN ELEKTRONIK SANAYI VE TIC.A.S., AVS, BMC OTOMOTİV SANAYİ VE TİCARET A.Ş., DEARSAN GEMİ İNŞ SAN A.Ş., DESAN, GARANTİ GİYİM, GİR-SAN Makina ve Hafif Silah San. Tic. A.Ş., HAVELSAN, HOYTEK BILGISAYAR LTD., İŞBİR, MILSOFT, OTOKAR, ÖZTEK, SİMSOFT, SSM/SSİ, STM, TAIS, TURMAKS, TUSAŞ, TÜBİTAK BİLGEM, UNİFO GIDA SANAYİ TİCARET A.Ş., UNİFO GIDA SANAYİ TİCARET A.Ş., TEKNOLOJİ MÜH.

Көрмеде Түркияның жетекші қорғаныс кәсіпорын – ASELSAN әзірлемелері қойылған.

Кәсіпорын мульти-өнімдерді жобалау, әзірлеу және қару-жарақ күштерін тұтынушылар мен көпшіліктің қауіпсіздігі үшін түпнұсқа өнімдерді, алдыңғы қатарлы техникаларды өндіретін жоғары технологиялы компания болып табылады.

ASELSAN өз тұтынушыларына Жерде, ауада, әскери-теңіз және әуе-ғарыш өндірісінде қажетті әскери байланыс, радар, радиоэлектронды күрес, электрооптикалық, навигация және авионика, қару, C4ISR, әскери-теңіз, ұлттық қауіпсіздік, трафик, пен төлемақыны жинау жүйесі сияқты жоғары технологиялық шешім жүйелерін ұсынады. 

Қытай Халық Республикасы павильонының аумағы 1620 шаршы метрді құрайды, онда 20 кәсіпорынның өнімдері қойылған. 

«Ұлы жорық» кәсіпорыны зымыран жүйелерін, басқарылатын әуе бомбасын, БПЛА, терроризмге қарсылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету құралдарын, шекара жаға жүйесі бақылауын, сонымен бірге аэроғарыш ғылымының қолданбалы технологияларын ұсынды. 

CATIC қытайлық корпорациясы әскери және азаматтық ұшақтарды, борттық қару-жарақ пен жерүстілік құралдарды  өндіруге маманданған. 

«NORINCO» қытайлық солтүстік  өндірісті корпорациясы құрлықтағы соғыс, ВМФ, ВВС, шекара соғысы және ҚХР қоғамдық қауіпсіздігі үшін қару-жарақты жеткізуші болып табылады. 

Оның өндіріс номенклатурасына атқыштар және жаяу әскер қаруы, артиллериялық қару-жарақ, броньді техника, зенитті қару-жарақ, оптико-электронды құралдарды дәл бағыттау, РЛС, түрлі калибрдің ату жарақтары жатады. 

Сонымен қатар, қытайлық павильонда қорғаныс электроникасы мен киберқауіпсіздік  саласындағы кәсіпорын өнімдері қойылған. 

Еске сала кетйік, 2018 жылғы 23-26 мамыр аралығында Астананың 20 жылдығына орай өтіп жатқан мерейтойлық V Халықаралық «KADEX — 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінде 10 павильоны жұмыс істеп тұр: Түркия, Қытай, Рсесйдің 3 жеке павильоны және қазақстандық «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық Компаниясы» АҚ, «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» АҚ, «Қазтехнология» АҚ кәсіпорындарының павильондары, бұдан бөлек, космонавтика саласындағы алдыңғы қатарлы әзірлеме үлгілері қойылған ғарыш саласына арналған павильон алғаш рет ұсынылды.