2017 жылғы 2 қараша Ташкент қаласында РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведевтің сапары шеңберінде «КАМАЗ» ЖАҚ (Ростех мемлекеттік корпорациясына кіреді) бас директоры Сергей Когогин мен «Узавтосаноат» АҚ басқармасының төрағасы Умиджан Салимов Өзбекстан Республикасында жүк автокөлік құралдарының өндірісін ұйымдастыруды көздейтін ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.
Өзбекстанда КАМАЗ маркасының атымен жүк көліктік құралдарының өндірісі «UzAutoTrailer» ЖШҚ (Узавтосаноат» АҚ-ның еңшілес кәсіпорны) қуаттылығымен ұйымдастырылатын болады. Одан басқа болашақта — республика аумағында автотехникаларды жинау бойынша бірлескен кәсіпорын құру.
Шартқа сәйкес «КАМАЗ» ЖАҚ пен «Узавтосаноат» АҚ қызметін «КАМАЗ» сыртқы сауда компаниясы» АҚ мен «UzAutoTrailer» ЖШҚ арқылы жүзеге асыратын болады. Сонымен «КАМАЗ» ССК бөлшектердің қосынды жинақтамасын және жиынтықтаушыларды UzAutoTrailer мекенжайына жеткізетін болады, UzAutoTrailer міндетінде шассиді жинау, сондай-ақ меншік және біріккен өндірістің құрылысын орнату. Шартпен көзделген Өзбекстанда жүк автокөлік өндірісін ұйымдастыру аясында ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін республикада КАМАЗ автомобильдерін жинауға арналған алғашқы 100 қосынды жинақтаманы жеткізу жоспарланған.
Бірінші жиналған автомобильдер 2018 жылдың басында болатын біріккен Клиент күнінде таныстырылатын болады.түпкілікті біріккен өнімді өткізу Өзбекстан Республикасының ішкі нарығында және тараптардың құрған дистрибьютер мен оның дилерлік жүйесі арқылы экспорттық нарықта жүзеге асырылатын болады.
Одан басқа ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде Өзбекстаннан жиынтықтаушы бөлшектер мен арнайы шанақтарды «КАМАЗ» ЖАҚ кәсіпорнының мекенжайына жеткізу жоспарлануда.