Мәскеу қаласында 2018 жылғы 15-16 мамыр аралығында кезекті «PHDays-2018» конференциясы өтті. Қатысушылардың саны дәстүрдегідей 5 мыңнын асты. Конференцияда проблемалары және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мәселелері мен негізгі ойы талқыланды.
Аталған конференцияда Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, ҚР ҰҚК РМК «Мемлекеттік техникалық қызмет», «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ, Қазақстан Республикасының Бас прокуратура, сондай-ақ Армения, Беларуссия, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.
Конференция аясында «ТМД елдерінде ақпараттық қауіпсіздікті дамыту» сессиясы өткізілді, қайсысында ТМД елдеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің күйі талқыланды. Сессияға ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерін мониторингілеу басқармасының басшысы – Мустагулов Талгат Cарсенбаевич қатысты.
Мустагулов Т.С. сессия қатысушыларын ақпараттық қауіпсіздікті жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер енгізілгені туралы хабардар етті, Ұлттық координациялық ақпараттық қауіпсіздік орталығы құрылатыны туралы айтып берді, ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін нарықтың жаңа субъектілері туралы, ақпараттық қауіпсіздіктің опративтік орталықтары, компьютерлік қақтығыстарға әрекет ету қызметтері сияқты мәселелермен хабардар етті.