Үндістан қорғаныс министрлігі Ресей Федерациясының елдің ӘӘК үшін әуе бомбаларын сатып алу туралы ұсынысты мақұлдады.
Ұсыныс «Рособоронэкспорт» ресейлік компаниясынан жалп сомасы 12 миллиард
540 миллион рупийге (шамамен 196 миллион АҚШ доллары) 240 бомбаны сатып алуға қатысты. Нақтылығы жоғары қару санатына кіретін бұл бомбалар, қазірдің өзінде Үндістан әскери-әуе күштерінде қолданылады. Бұл келісім Үндістан әскери-әуе күштері арсеналында нақтылығы жоғары қарудың жетіспеушілігін, сондай-ақ олардың шабуылдау мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталған.
Үнді қорғаныс министрлігі мақұлдаған тағы бір ұсыныс Израильден 131 Barak зениттік зымыран кешен (ЗЗК) зымырандарын, сондай-ақ тиісті жабдығын сатып алуға қатысты. Мәміленің жалпы құны 4,6 млрд. рупийді (шамамен 72 млн. АҚШ доллары) құрайды.
«Бұл зымырандар «жер-әуе» санатына жатады» олар теңіздегі кемелерге қарсы зымырандарды жою үшін қолданылады», — деп атап өтті әскери ведомствода.
Дереккөз: http://www.centrasia.ru/news.php?st=1514894340